Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
16-17 маусым 2021
Нур-Султан, Қазақстан

Кәсіпқойлар өз марапттарына лайықты!

18 маусымда Нұр-Сұлтанда, Ritz Carlton мейманханасында «Алтын Гефест» деп аталатын 11-ші Ұлттық тау-кен металлургиялық салалық конкурсы өтеді, ол жыл сайын Astana Mining & Metallurgy (АММ) Конгресс шегінде өтеді.

«Алтын Гефест» 2020 14 номинациядан тұрады: Жыл кәсіпқойы (үш номинация), Жыл жобасы, Жыл ғалым-педагогы, Жыл дипломдық жұмысы, Жыл медиа жобасы (үш номинация), ТМК-да үздік digital-шешім, Үздік шетел әріптесі және үш өте жаңа номинация: Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы, Жыл шахтері және ТАК-ғы әйелдер.

«ТАК-ғы әйелдер» жаңа номинациясы ерекше күткеннің бірі болып табылады, себебі дәл осы жаңалық тек қана біздің елде емес, сол сияқты дүние жүзі бойынша тау-кен металлургия кешеніне әйелдер назарын аудара алады. Бүгін, Қазақстанның ТМК-да ең жоғары деңгейдегі кәсіпқой-әйелдердің үлкен саны жұмыс істейді, олардың иығына нәтижелі тиімді жұмыстың, жауапкершіліктің, саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешу жүктелген.

«Алтын Гефест» конкурсы сала қатысушылары үшін өте маңызды – бұл ТМК секторының мамандарына арналған республикалық маңызы бар мәртебелі марапат. Бірінші «Алтын Гефест» мүсіншесі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді, осылайша конкурстың болашақ қатысушыларының жобасына кәсіби және шығармашылық талаптардың жоғары деңгейі қойылды.

Қазіргі таңда салада 350 аса тау-кен қазушылар және 270 металлургиялық компаниялар өз қызметтерін жүзеге асыруда, 200 мың адам жұмыс істейді. 2019 жылы «Алтын Гефест» сыйақысын алу құқығы үшін геология, тау-кен ісі және металлургия саласының 184 маманы, жобалық, ғылыми, білім беру мекемелерінің және кәсіпорындарының жұмысшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тау-кен металлургиясы туралы жазатын журналистер күресті.

Құрамына индустрияның беделді азаматтары, мемлекеттік құрылым өкілдері кіретін конкурстың құзіретті әділ қазылары, ТМК секторында компаниялардың жетістіктерін лайықты бағалап, мамандардың мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларды тұрақты өсу және кәсіби дағдыларын дамыту үшін ынталандырады.

Конкурсқа қатысу электрондық форматта тегін жүргізіледі, бұл ретте кейбір номинациялардың жеңімпаздары ақшалай сыйақы алады. Студенттерге ірі компанияларда тағылымдамадан өтуге, журналистерге халықаралық басылымдарда материалдарын жариялауға мүмкіндік беріледі. Өтінімдерді жинау ашық және 18 мамырға дейін жалғасады.

Аталған мараптты алу мәртебесі жылдан жылған өсіп келе жатқанын атап өту қажет. Он жыл ішінде 120 астам мамандар және сала ұйымдары марапатқа ие болды. Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен конгресін өткізудің арқасында «Алтын Гефест» сыйақысын әлем мойындады. Бұл бірінші кезекте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жан-жақты қолдауының арқасында және іс-шараның тұрақты Бас әріптесі ERG (Евразийской Группе) арқасында мүмкін болды.

Біз сіздердің еңбектеріңіз бен жоғары кәсіпқойлықтарыңыз лайықты бағалануы үшін конкурсқа қатысуға, ТМК секторында әрекеттегі барлық мүдделі мамандарды шақырамыз!

Қазақстан өз мамандарына лайықты!
Кәсіпқойлар марапатқа лайықты!

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді www.amm.kz сайтында, +7 (727) 258 34 34 (іш. 305), +7 701 338 26 52 телефондары бойынша немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайға жіберу арқылы беруге болады.