14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

25-ші ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАУ-КЕН КОНГРЕСІ - еліміз үшін халықаралық аренада тау-кен металлургия саласындағы өз әлеуетін көрсетуге арналған бірегей мүмкіндік

2018 жылдың екі айында Қазақстанда екі ірі халықаралық іс-шара өтеді. Олардың бірі - Астана экономикалық форумы (17-18 мамыр), онда қонақтар мен спикерлердің -экономика және саясат саласындағы мамандардың, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың ортақ құрылтайшыларының рекордтық саны мәлімделді. Екіншісі - өз саласында ауқымы кем емес - 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресі (19 - 22 маусым). Әлемдік маңызы бар мұндай оқиға тек Қазақстанда ғана емес, тұтастай ТМД аумағында да бірінші рет өткізілмек.

Дүниежүзілік тау-кен конгресі Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі (ТКМК) ең ірі және маңызды оқиға болып табылады. Ол алғаш рет 1958 жылы Варшавада (Польша) өткен және 2-3 жылда бір рет өткізіледі. ДТК қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру саласында жұмыс істейтін әртүрлі елдердің мамандары мен ғалымдарын біріктіреді. Оның өткізілу тарихы бойынша Конгреске қатысушы мемлекеттердің саны 10-нан 49-ға дейін өсті және өсіп келеді.

2018 жылғы Конгресс үш жылдық мерейтойлық күнмен белгіленеді: ДТК құрылғанының 60 жылдығы, 25-ші мерейтойлық ДТК және Астана қаласының 20 жылдығы.

Қазақстан мерейтойлық Конгресті өткізуге арналған алаң ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ - біздің еліміздің ресурстары бай минералдық шикізат базасы болып табылады: периодтық кестенің 99 элементі Қазақстанда табылған, олардың 70-і ашылып, 60-тан астамы өндірісте қолданылады. Қазақстан әлемдегі негізгі алюминий руда өндірушілерінің ондығына кіреді, ол ТМД елдерінің арасында темір рудасының қорлары бойынша үшінші орынға ие, уран өндірісі бойынша тек Австралияға ғана жол береді, сондай-ақ мыс кендеріне бай елдердің тізіміне кіреді. Жыл сайын елімізде 100 млн тоннадан астам көмір өндіріледі. ТКМК кәсіпорындарының өнімдері Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа, Канадаға, Ресейге, Қытайға және ЕО елдеріне экспортталады.

25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресінің бағдарламасына сәйкес ТКМК үшін өзекті және геологиялық барлау, өндіру және байыту технологиясы, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, кадрлар дайындау, қаржылардыруды тарту және жаһандық тау-кен саласын дамытуды болжауға арналған тақырыптарды қамтитын бірқатар мамандандырылған сессиялар өтеді. Сондықтан, мысалы, «Әлемдік бизнес» сессиясында Австралия, Латын Америкасы, Африка, Канада және басқа да елдердің нарығының мысалында жаһандық тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жалпы нарықтық тенденциялар; бизнес-үдерістерді автоматтандырудың жаңа мүмкіндіктері; салаға инвестициялар құюдың тиімділігі және тау-кен өнеркәсібіндегі 10 негізгі бизнес-тәуекелдер жөніндегі мәселелер талқыланады. «Инновациялар және Индустрия 4.0» сессиясында цифрландыру және тау-кен саласында робототехниканы пайдалану мәселелерін қарастырылады, халықаралық сарапшылар жаһандық тау-кен өнеркәсібіндегі табысты мысалдар және бизнес-кейстермен бөліседі. «Ашық тау-кен жұмыстары» сессиясында біз геологиялық жағдайлардың асқынуы, кедей кен орындарын дамытуға қатысу, тау-кен жұмыстарын тереңдету, экологиялық жағдайдың нашарлауы және «жасыл» экономикаға көшу қажеттігі бірқатар технологиялық проблемаларды көтеретіндігі жайлы айтамыз, оларды ғылым, өндіріс және әлемдік деңгейдегі озық технологияларға негізделетін инновацияларды құрудың тығыз өзара байланысы, инвестициялық және технологиялық серіктестік арқылы жүйелі түрде шешу мүмкін.

Максималды синэнергетикалық әсерге қол жеткізу мақсатында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберінде MiningWorld Central Asia - 24-ші «Тау-кен жабдықтары, кен және минералдарды өндіру және байыту» халықаралық көрмесі өтеді. Бұл көрме Қазақстан үшін жаңа емес - оған 300-ден астам бренд ұсынатын әлемнің 200-ден астам компаниясы жыл сайын қатысады. Көрменің қатысушылары өз өнімдерін Орталық Азия нарықтарына шығаруға, сату географиясын кеңейтуге, жаңа өнімдер мен қызметтерді көрсетуге бірегей мүмкіндікке ие. Көрмелердің арқасында көрмеге қатысушы компаниялар табысты іскерлік байланыстар орнатып, серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға, бірлескен кәсіпорындарды ашуға, жаңа жобаларды іске асыруға және жаңа өндірістік алаңдарды жабдықтауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қатысушылар әлеуетті клиенттермен танысып, олардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігіне ие. Биылғы жылы 24 мемлекеттен 250-дан компания көрмеге қатысуға ниет білдірді.

Конгресс жұмысы барысында ДТК қатысушыларына Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен ғылыми мекемелерімен танысуға мүмкіндік беретін бірқатар экскурсиялар жоспарланған. Бүгінгі күні, көретін нысандар тізіміне «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты (Астана), Васильковское алтын кенорны Altyntau Kokshetau (Ақмола облысы), KAZ Minerals компаниясының «Бозшакөл» мыс кеніші (Павлодар облысы), «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның «Казахстанская» шахтасы (Қарағанды облысы Шахтинск), «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның Қарағанды металлургия комбинаты (Қарағанды облысының Теміртау қаласы) кіреді.

Тағы бір маңызды аспектісі ДТК 2018 шеңберінде Mines&Money Eurasia инвестициялық конференциясы – тау-кен өнеркәсібі секторына капитал мен инвестиция тарту бойынша жетекші халықаралық іс-шаралар сериясы өткізілетіндігі болмақ. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Австралия сияқты бірдей өндірістік әлеуетке ие. Жалғыз айырмашылық - континенттің көптеген пайдалы қазбалар кен орындары игерілуде. Қазақстанда көптеген кен орындары өз ашылуын күтуде. Mines & Money Eurasia конференциясының мақсаты - Қазақстан нарығындағы сәтті жобалар мүмкіндігін көрсету. Қор акцияларын басқарушылар, жеке сауда палаталар, хедж-қорлар, отбасылық кеңселер, сондай-ақ Қазақстанда белсенді жұмыс істеуге дайын юниор компаниялармен кездесулер ұйымдастырылады. Конференция шеңберінде Орталық Азияда тау-кен өндіру бойынша өз жобаңды қаржыландыру жолдары; әлемдік қаржы нарықтары мен валюта динамикасының 2018 жылы және келешекте алтынның бағасына қалай әсер ететіні және қандай металдарға инвестициялау керектігі; Жер қойнауы туралы заңның күшіне енуінен кейін жер қойнауын пайдаланушылар үшін не өзгеретіндігі туралы және одан да басқа сұрақтар көтеріледі.

Қазақстан үшін тау-кен металлургиялық кешен ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында ТКМК 18% құрайды, ал қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша Қазақстан Республикасы 70 тау-кен өндіретін елдер арасында 13 орында тұр. Сарапшылардың есебі бойынша, қазіргі кезде Қазақстан жер қойнауының перспективалы учаскелерінің алаңы 1 млн 138 мың шаршы км-ден астам, бұл біздің елімізді тау-кен өнеркәсібі секторындағы серіктес ретінде тартымды етіп көрсетеді. Міне, сондықтан ұйымдастырушылар ДТК нәтижесі бойынша геологиялық барлау және өндіру жобалары санының артуын күтуде.

2018 жылғы Дүниежүзілік тау-кен конгресі Астанада «ЭКСПО-2017» аумағындағы Конгресс орталығында өтеді. Оның жұмысына 50 елдің 1200 делегаты, 37 елден 368 баяндамашы авторлар, 23 елден 58 бірлестіктер, 27 елден 79 жоғары оқу орындары, соның ішінде Австралия, Австрия, Канада, Норвегия және Франция делегациялары қатысады, Польша Республикасының Премьер-Министрі Матеуш Моравецкий, Моңғолия Тау-кен өнеркәсібі министрі Долгорсурэнгийн Сумъяабазар, Zijin Mining Group Co.Топ Майнинг (Қытай) Атқарушы директоры Джордж Фэнг, Торонто қор биржасының Тау-кен ісі жөніндегі басшысы (Канада) Дин МакПерсон, ThyssenKrupp Industrial Solutions AG компаниясының тау-кен технологиясы бөлімшесінің басшысы Торстен Герлах (Германия) және тағы да басқа көптеген құрметті қонақтардың келуі күтілуде.

ДТК 2018 ұйымдастырушысы:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
ДТК 2018 бірлескен ұйымдастырушысы:
Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы
Дүниежүзілік тау-кен конгресінің ұраны:
«Инновациялық артықшылық - әлемдік тау-кен өнеркәсібін дамытуға алға қадам»,
Күні мен орны:
19-21 маусым 2018 жыл, Астана қаласы (Қазақстан), «ЭКСПО-2017» Конгресс орталығы