14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ЕЛОРДАДА ТКМК ҮЗДІК МАМАНДАРЫ ӨЗ МАРАПАТТАРЫН АЛДЫ

2021 жылдың қазан айында Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқауы өтті, оны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Индустриялық даму министрлігі және байқаудың Бас серіктесі – ERG (Еуразиялық Топ) жан-жақты қолдау көрсетті. Тау-кен металлургия кешенінің кәсіпқойлары мен жас мамандары үшін конкурстың маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес, өйткені қатысушылардың жобалары үшін кәсіби және шығармашылық талаптардың жоғары деңгейі 11 жыл бұрын қойылған болатын. Бірінші «Алтын Гефест» мүсіншесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа салтанатты түрде табыс етілді. Биылғы жылы «Алтын Гефест» сыйлығын алу құқығы үшін геология, тау-кен ісі және металлургия саласында жұмыс істейтін 173 қатысушы, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы туралы жазатын журналистер күресті.

GG 2

Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаздардың есімдерін өз ісінің мықты кәсіпқойларынан және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінен тұратын құзыретті қазылар алқасы анықтайды. «Алтын Гефесттің» он бір жыл ішінде қазылар алқасы номинанттардың 1 984 жұмысын қарады.

GG 5

GG 4

2021 жылы «Алтын Гефест» байқауы 14 номинацияны қамтыды: Жыл кәсіпқойы (үш номинация), Жыл жобасы, Жылдың ғалым-педагогі, Жылдың дипломдық жұмысы, Жылдың медиа жобасы (үш номинация), ТКМК-дегі үздік digital-шешім, Үздік шетелдік серіктес. Сондай-ақ, үш жаңа номинация ұсынылды: өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Жыл көшбасшысы, Жыл шахтері және ТКМК-дегі әйелдер. «ТКМК-дегі әйелдер» жаңа номинациясы ерекше қызығушылық тудырды, көптеген компаниялар ол үшін таласып, бүкіл кәсіби қоғамдастыққа біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша тау-кен металлургия кешеніндегі әйел адамының рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетуді шешті. Сонымен, олар өздерінің лайықты марапаттарын алды:

  • «Жыл геологі» номинациясы - Кручинина Юлия Николаевна, ERG (Еуразиялық Топ) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Тау-кен өндіру кешенінің «Соколов» шахтасының жерасты тау-кен жұмыстарының жетекші геологы;
  • «Жыл кеншісі» номинациясы - Тё Вячеслав Валентинович, «Қазақалтын ТКМК» АҚ өндірістік басқармасының бастығы;
  • «Жыл металлургі» номинациясы - Койшибеков Нуржан Рамазанович, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының бас металлургі – «Жезказганцветмет» ПО құю-механикалық зауыты;
  • «Жыл шахтері» номинациясы - Баяндинов Тимур Викторович, "Востокцветмет" ЖШС үңгілеушісі;
  • «ТКМК-дегі әйелдер» номинациясы - Терёшкина Вера Вячеславовна, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ персонал жөніндегі директоры».

GG 6

Байқаудың қазылар алқасы тағы бір нәзік жанды назардан тыс қалдыра алмады және «Тау-Кен Алтын» ЖШС орталық зауыт зертханасының басшысы Олеся Сакатбековна Коксегенованы бөлек атап өтті.

  • «Жыл жобасы» номинациясы – «ЖКБК. Жайрем полиметаллдары. Қолданыстағы өндірісті жаңғырту» жобасымен «Жайрем КБК» АҚ компаниясы;
  • «Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Жыл көшбасшысы» номинациясы - «Варваринское» Акционерлік Қоғамы;
  • «Үздік шетелдік серіктес» номинациясы - ЦИФРА Азия компаниясы;
  • «Жылдың ғалым-педагогі» номинациясы - Жунусов Аблай Каиртасович, техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ «Металлургия» кафедрасының профессоры;
  • «Жылдың дипломдық жұмысы» номинациясы - Тлемисова Назым Асанқызы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
  • «ТКМК-дегі үздік digital-шешім» номинациясы - Тегістеу циклін оңтайландыру жобасымен «IntelliSense-LAB» Технологиялық Даму орталығы;

GG 7

«ТКМК – дегі ең үздік digital-шешім» номинациясын сыйлықтың Бас серіктесі - ERG (Еуразиялық топ) тағайындады.

  • «Жылдың медиа жобасы» номинациясы - Баспасөздегі және Интернет-ресурстардағы ТКМК туралы үздік журналистік жұмыс - Жандыбаев Кайрат Жумабекович және оның «Қазақстанның тау-кен металлургия кешені: пандемия кезіндегі кейбір қорытындылар мен шаралар» атты жарияланымы;
  • «Жылдың медиа жобасы» номинациясы – ТВ-дағы ТКМК туралы үздік журналистік жұмыс - Жантасова Гульнара Серекбаевна және оның «Нағыз әйелдер Текелідегі шойын зауытында жұмыс істейді» сюжеті;
  • «Жылдың медиа жобасы» номинациясы - ТКМК-дағы еңбек адамы туралы үздік журналистік материал - Рабига Нурбай және оның «700 метр жер астында: көмір шахтасынан репортаж» мақаласы.

Тау-кен металлургия кешенінің барлық кәсіби мамандарының ерекше көзқарасы мен ықыласы байқау аясында алғаш рет табысталған арнайы номинацияға лайық. «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының бірінші орынбасары Муханов Тулеген Муханович «ТКМК-де әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» лайықты марапатқа ие болды.

GG 8

Сондай-ақ, салтанатты кеш аясында «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» өкілдері ТКМК құрметті кәсіпқойларының еңбектегі жетістіктері үшін ерекше мемлекеттік марапатты атап өтті. «Еңбек даңқы» төсбелгісімен келесілер марапатталды:

  • Калиев Еркебулан Муканович, «Жезказганцветомет» өндірістік бірлестігі Шығыс-Жезқазған кенішінің №55 шахтасының тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
  • Пя Роман Константинович, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ гидротехникалық құрылыстар және гидротасымалдау цехының электргазбен дәнекерлеушісі;
  • Лукьянов Александр Владимирович, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті Т. Күзембаев атындағы шахтаның № 1 дайындық жұмыстары учаскесінің үңгілеушісі.

GG 3

Айта кету керек, жылдан жылға бұл марапатты алу беделі артып келеді. Он бір жыл ішінде марапатты 135-тен астам сала мамандары мен ұйымдары алды. Ал Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізудің арқасында «Алтын Гефест» сыйлығы әлемдік танымалдылыққа ие болды.

«Алтын Гефест» байқауы АММ тау-кен металлургиялық Конгресі шеңберінде өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Iteca қазақстандық көрме компаниясы.

  • -де жасалған