14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Қазақстанның Тау-кен металлургия кешені күндері (ашылуы)

 

Қазақстанның Тау-кен металлургия кешені күндері

2012 жылғы 4-6 шілде | Астана, Тәуелсіздік сарайы

ТМК Күндері әне Үшінші Astana Mining & Metallurgy (АММ-2012) халықаралық тау-кен металлургия конгресін ашу барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов былай деді: «Осы уақытқа дейін сала шикізат және бастапқы метал экспортына ғана бағытталып келген болатын. Бүгін болса кезең-кезеңмен металлургия өнеркәсібінде жоғары технологиялық өнімдері өндірісінің өсімін қамтамасыз етіп, олардың сыртқы нарықтарға экспортын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар ішкі нарықтың сұранысын да қамтамасыз ететін жоғары қосыша құнды өнімдер шығаратын жаңа өңдеу өндірістері ашылып жатыр. Негізгі көрсеткіш 2015 жылда жалпы қосымша кұнның 107 пайызға, саланың экспортының 2 есеге артуы болып табылады. Осыған байланысты, ТМК дамуы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарының бірі болды. Оның негізгі мақсаттарының бірі қолдағы бар минералдық шикізат әлеуетін тиімді пайдалану, өндіріске инновациялық технологиялар енгізу және заманауи озық технологияларды трансферт жасау болып табылады».

«Біз әлем нарығындағы кез келген позицияға дайын болуымыз керек. Сондықтан да біз энергия үнемдеуге маңызды бағыт береміз. ТМК барлық ірі кәсіпорындарында дерлік энергия көлемі ең аз дегенде 30 пайызға азайтылады – бұл шығындарды едәуір төмендету және экологиялылықты арттыру», деді Ә. Исекешев.

Барлық шет елдік қонақтар бұндай конгрестерді өткізудің маңыздылығын жоғары бағалады.

Корина Хебештрайт – Еуропа тау-кен өнеркәсібі, метал кендері және кен емес пайдалы қазбалар Euromines ассоциациясының директоры, ТМК күндері туралы берген сұхбатында былай деді: «АММ конгресі, әлбетте, қазақстандық тау-кен металлургия кешенінің танымалдығын арттыра түседі, және халықаралық кәсіпқорлармен және өнеркәсіптермен тығыз ынтымақтасуына жол ашады». Хебештрайт ханым еуропа тау-кен өнеркәсібі сұраныстары мен ұсыныстарының ағымдағы жағдайы туралы қысқаша шолу ұсынды. Оның болжамы бойынша дағдарыс артта қалды және жақын арада ТМК өнімдер мен қызметтерге деген сұраныста арту байқалатын болады.

Үшінші Astana Mining & Metallurgy (АММ-2012) халықаралық тау-кен металлургия конгресінде 24 елден 1 154 делегат қатысты. АММ форумы геологиялық барлау, кен қазба, байыту және өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі өндіріс процестерінің толық циклі мәселелерін қамтыды. Қазақстан, Австралия, Белорусь, Бельгия, Британия, Канада, Қытай, Ресей, Түркия елдерінен 23 адам баяндама жасады.

Қазақстанның тау-кен металлургия күндеріне қатысу үшін Астанаға Белорусь, Қытай, Түркия және Украина елдерінің профилді министрліктерінен делегациялар келді.

АММ-2012 екі күндік көрмесінде 6 елден 87 қатысушы орын алды, ол елдер: Британия, Германия, Қазақстан, Ресей, Түркия, Украина. Көрме алаңының жалпы көлемі 787 шаршы метрді құрады. Экспозицияларды алдын ала берілген деректер бойынша 2 000 маманнан астам аралады. Айта кетерлігі барлық келушілер тау-кен металлургия саласының мамандары болған.

Тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының үшінші съезінде тау-кен металлургия кешені өнеркәсіптерінің, ТМК және көмір өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподақ бірлестіктері, мемлекеттік органдар мен даму институттарының басшылары қатысты. ТМК өнеркәсіптерінде әлеуметтік серіктестікті жетілдіру және нығайту, сонымен қатар салалық арттырушы коэффициентті 1,8 дейін арттыру Съездің басты тақырыптары болды.

Бүгін «Инновация» алқалы отырысында мемлекет, бизнес және ғылымның өкілдері бас қосты. Жарасымды диалог барысында мемлекеттік қолдау құралдары, бизнеспен ынтымақтастық және бүгін ғылымның тау-кен металлургия кешенін жаңғырту бойынша ұсынған инновациялық шешімдерін талдай отырып инновациялық қызметті дамытуда жеке инвестицияларды пайдалану сынды маңызды мәселелер тақыланды.

«ТМК инновация» алқалы отырысын өткізудің нәтижесі «АрселорМитал Теміртау» АҚ мен «Қазақстан Республикасы минералды ресурстарын кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК арасында «Болат, шойын және ферросплав металлургиясында бор» және «Болат еріту өндірісінде темірді қайта қолдану технологиясы» нақты жобалары бойынша ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қою болды.

«ТМК үшін кадрлер» алқалы отырысы, өткен жылғы АММ Конгресінде құрылған ТМК кадрлері жөніндегі салалық кеңестің кеңейтілген үшінші отырысы форматында өтті.

Талқылаулар қорытындысы, ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымына тәсілдемелер мен ТКМК ССК әзірлеген кәсіптік стандарттарды әзірлеу әдістемесін жүйелі түрде өзара келісіп отыруға ұсыныстамаларды қамтитын шешімде орын алады, және түрлі қазақстандық министрліктерге жіберілетін болады.

Қазақстандық тау-кен металлургия кешені күндерінің басты ұйымдастырушысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Үшінші тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмысшылары съезінің ұйымдастырушысы – Республикалық тау-кен металлургия өнеркәсіптері және кен қазушылары ассоциациясы, тау-кен металлургия өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағы серіктестігімен. АММ-2012 Конгресінің ұйымдастырушысы халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Британия) компаниясымен бірге Iteca қазақстандық көрме компаниясы. Ресми қолдау көрсеткендер: Астана қаласы әкімшілігі, «Самұрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Тау-Кен Самұрұқ» АҚ, «Қазақстан Республикасы минералды ресурстарын кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы»

Пайдалы сілтемелер және байланыс ақпараттары:

ҚР ИЖТМ www.mint.gov.kz ; (7172) 241962,
АГМП www.agmp.kz; (7172) 609612, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Iteca www.iteca.kz; (777) 2145992, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
ITE www.ite-exhibitions.com
Human Capital Lead - www.hclead.kz (777) 214-04-83
ҚР минералды ресурстарын кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы -www.cmrp.kz – (777) 587-9192