14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Кәсіби мамандар өз марапаттарына лайық!

20 қазан күні Нұр-Сұлтанда, Hilton қонақ үйінде «Алтын Гефест» 11-ші Ұлттық тау-кен металлургиялық салалық байқауы өтеді, ол жыл сайын Astana Mining & Metallurgy (АММ) Конгресі аясында өткізіледі.

2021 жылғы «Алтын Гефест» 14 номинацияны қамтиды: Жыл кәсіпқойы (үш номинация), Жыл жобасы, Жылдың ғалым-педагогы, Жылдың дипломдық жұмысы, Жылдың медиа жобасы (үш номинация), ТКМ-дегі үздік digital-шешім, Үздік шетелдік серіктес және үш жаңа номинация: Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы, Жыл шахтері және ТКМ-дегі әйелдер. Жаңа «ТМК-дағы әйелдер» номинациясы ерекше күтілген номинация болып табылады, өйткені дәл осы жаңа енгізілім біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша тау-кен металлургия кешеніндегі нәзік жандылардың рөліне назар аударта алады. Бүгінгі таңда Қазақстанның ТМК-де көптеген жоғары деңгейдегі кәсіпқой әйелдер жұмыс істейді, олардың  иықтарына нәтижелі де тиімді жұмыстың, жауапкершіліктің, саланы одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді шешудің үлкен жүгі түсуде.

«Алтын Гефест» байқауы саланың қатысушылары үшін ерекше маңызды – бұл ТМК секторының мамандары үшін республикалық маңызы бар ең беделді марапат. Ең алғашқы «Алтын Гефест» мүсіншесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етіліп, болашақ байқауға қатысушылардың жобаларына қойылатын кәсіби және шығармашылық талаптардың жоғары деңгейін көрсетті. Бүгінде салада 350-ден астам тау-кен өндіруші және 270 металлургиялық компания өз қызметін жүзеге асыруда, 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2019 жылы «Алтын Гефест» сыйлығын иелену құқығы үшін геология, тау-кен ісі және металлургия саласындағы 184 маман, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы туралы жазатын журналистер күресті.

Құрамына индустрияның беделді мамандары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кіретін байқаудың құзыретті қазылар алқасы ТМК секторындағы компаниялардың жетістіктерін лайықты бағалап, осылайша мамандардың мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оларды кәсіби дағдылардың тұрақты өсуі мен дамуына ынталандырады.

Байқауға қатысу тегін негізде электрондық форматта жүргізіледі, бұл ретте кейбір номинациялардың жеңімпаздары ақшалай сыйақы алады. Студенттерге ірі компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі, журналистердің материалдары халықаралық басылымдарда жарияланады. Өтінімдерді жинау ашық және 10 қазанға дейін жалғасады.

Бұл марапатты алу беделі жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Он жыл ішінде марапатты саланың 120-дан астам мамандары мен ұйымдары алды. Ал Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізудің арқасында «Алтын Гефест» сыйлығы әлемдік танымалдылыққа ие болды. Бұл бірінші кезекте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және іс-шараның өзгермейтін Бас серіктесі - ERG (Еуразиялық Топ) жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.

Біз сіздің еңбегіңіз бен жоғары кәсібилігіңіз лайықты бағалануы үшін ТМК секторына қандай да бір түрде тартылған барлық мүдделі мамандарды байқауға қатысуға шақырамыз!

Қазақстан өз кәсіпқойларына лайық!

Кәсіпқойлар марапаттарына лайық!

Байқауға қатысуға өтінім беруге болады:

  • www.amm.kz сайтында,
  • +7 (727) 258 34 34 (вн. 248) телефондары арқылы,
  • Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электронды мекен-жайына өтінім жіберу арқылы.