Нұр – Сұлтанда X –шы Халықаралық "Astana Mining & Metallurgy" тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын бастады

Қазақстанның елордасында "Astana Mining & Metallurgy" (АММ) X-шы мерейтойлық конгресі өз жұмысын бастады. Биыл «АММ» Конгресі өзінің жұмысының 10 жылдығын атап өтуде. Өткен жылдар ішінде АММ бүкіл әлемде мойындалып, тау-кен металлургия саласындағы маңызды іс-шараға айналды. «АММ» алаңында мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші әлемдік компаниялар, Қазақстанның ғана емес, басқа да көптеген елдердің сарапшылары мен қаржылық құрылымдары өкілдері бас қосады. Конгресте бүгінгі таңда мамандар үздік тәжірибелерімен және идеяларымен алмасып қана қоймай, өзекті мәселелерді де талқылауда.

Биылғы жылы «AMM» Конгресі жаңа пікірталас форматында өтуде. "АММ" Конгресінің негізгі желісі-цифрландыру және инвестициялық ауқымдар. Бүгін іс-шараға 21 елден келген 711 делегат қатысуда.

Конгресс аясында форумдар мен панельдік сессиялар ұйымдастырылатын болады, онда келесі мәселелер талқыланады: өндіру мен қайта өңдеуді цифрландыру, тау-кен металлургия кешеніндегі (ТМК) өндірістік процестердің тиімділігін арттыру, инвестицияларды тарту және минералдық-шикізат базасын толықтыру, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаңа Кодекстегі құқықтық реттеу және т. б.

SAP, Hatch, FLSMIDTH, FreeportMcMoRan сияқты ірі компаниялар өз кәсіпорындарында цифровизациялауды енгізудегі өз тәжірибелерімен бөліседі. Киберфизикалық және роботтандырылған жүйелерді енгізу, үлкен деректерді және индустрияның басқа да 4.0 технологияларын талдау арқылы өндірістік және көліктік шығындарды төмендету, бизнес-процестерді оңтайландыру, жаңа бизнес-модельдерді енгізу арқылы, өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыру мүмкін болатындығын атап өткен жөн.

Бүгінгі күні саладағы ірі отандық компаниялар цифрландыруды дамыту стратегиясын қалыптастырды және қазірдің өзінде оң өзгерістер болып жатыр. Олар: Еуразиялық Топ, Қазмырыш, АрселорМиттал Теміртау, Алтыналмас, Қазақмыс корпорациясы, Қазминералс, Өскемен титан-магний зауыты.

Сондай-ақ, АММ аясында "Алтын Гефест" салалық сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі өтеді, онда үздік геологтардың, кеншілердің, жылдың металлургтері мен алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың, үздік студенттік жұмыстардың, сондай-ақ тау-кен металлургия секторын танымал етуге ықпал ететін үздік журналистердің есімдері аталады.

Конгресстің АММ 2019 көрмесінің мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі.

Алтын серіктестер: Еуразиялық Топ (ERG), «Казцинк» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Корпорация Казахмыс» ЖШС.

Ұйымдастырушылары: Iteca Қазақстандық көрме компаниясы және оның ITE компаниясы тобының халықаралық серіктесі.