14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Конгресс Astana Mining & Metallurgy 2024

2024 жылы 6–7 маусым аралығында Астана қаласында 14-ші Тау-кен Металлургия Конгресі Astana Mining & Metallugy өтеді

АММ КОНГРЕСІНІҢ UPGRADE: ПІКІРСАЙЫСТАР, НЕТВОРКИНГ, ХАКАТОН

Astana Mining & Metallurgy Конгресі – тау-кен металлургиялық индустрияда ең ауқымды салалық іс-шаралардың бірі. АММ сұхбат үшін көптеген алаңдарды ашады және ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар және Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдерімен B2B және G2B кездесулері, көрме, нетворкинг және Алтын Гефест салалық конкурсынан тұрады.

  • Жыл сайын АММ Конгресі салааралық инвестициялық әріптестікті, жаңа келісімшарттар жасауға және заманауи шақыртуларға жауап беретін бірлескен шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

  • Конгресстің жоғары беделі Дүниежүзілік көрме индустриясының Қауымдастығымен (UFI) расталды. Іс-шараны жыл сайын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, халықаралық және ұлттық қауымдастық, сондай-ақ сала көшбасшылары қолдайды. 2018 жылы АММ негізінде 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен конгресі өтті, онда әлемнің 50 мемлекетінен 2 586 делегат қатысты.

  • Жыл сайын АММ конгрессі ERG, KAZZINC, KAZAKHMYS, KAZMinerals, ArcelorMittal сияқты және тағы басқа ірі компаниялардың қоладуымен өтеді.

  • Алғаш рет Конгресс 2010 жылы өтті. Жылдары ішінде АММ Конгресі дүниежүзілік құрметке ие болып, тау-кен металлургиялық салада жаһандық іс-шараға айналды.

Конгреске қатысу нұсқалары

  • Спикер ретінде баяндама жасау
  • Дөңгелек үстел өткізу
  • Делегат ретінде қатысу (тыңдаушы)
  • Серіктес ретінде қатысу

2019 жылдан бастап АММ Конгресін ұйымдастырушылар іс-шараларды өткізудің жаңа тәсілдерін енгізіп, өткізу форматын презентациядан пікірталас алаңына өзгертті. Бағдарламаны сапалы мазмұнмен толықтыру және форматты ауыстыру саланың проблемалық мәселелерін толық ашуға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Болатын оқиға туралы жаңалықтарды осы жерден көре аласыз БАСПАСӨЗ РЕЛИЗДЕРІ