«ASTANA MINING & METALLURGY» VIII халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі - AMM 2017
Басып шығару

2012 құттықтау хаттары

Posted in Қазақша

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атынан Қазақстанның Тау-кен металлургиясы күндеріне қатысушыларға қош келдіңіздер деймін.

Бұл іс-шара республикамыздың тау-кен металлургиясы кешенінің кіндік салалық шарасына айналды, оның шеңберінде «Astana Mining & Metallurgy» (АММ) Халықаралық тау-кен металлургия конгресі және Тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің жұмыскерерінің Республикалық съезді өтеді.

ТМК еліміздің экономикасында стратегиялық рөл атқарады және Мемлекеттік үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іргетасы болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «XXI ғасырда Қазақстан өзінің алдыңғы қатарлы әлемдік металлургия орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтады. Ол үшін бізде барлық қажетті ресурстар, мол табиғи база, тұрақты мемлекеттік саясат, кадрлық және ғылыми әлеует бар».

Соңғы екі жылда «Astana Mining & Metallurgy» конгресі өзін тау-кен металлургия өнеркәсібі дамыған елдер мен олардың компанияларының ынтымақтастық құру механизмдерін жетілдірудің көкейтесті мәселелері талқыланатын тиімді халықаралық сұхбат алаңшасы ретінде көрсетті.

ТМК жұмыскерлерінің съезді сондай-ақ саланың әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық және басқа мәселелерін шешуге ат салысатын маңызды салалық іс-шара болып табылады.

Бұл жолы да ауқымды форум инновациялық әзірленімдерді ілгерілету, ТМК кадрлық саясатын қалыптастыру, түрлі елдердің бизнесмендері мен салалық қауымдастықтарының арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту бойынша өзінің жұмысын жалғастырады және, жалпы алғанда, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына оңды ықпал етеді деп үміттенемін.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Әсет Исекешев

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Astana Minning & Metallurgy» тау-кен металлургиясының Халықаралық үшінші Конгресінің қонақтарын, қатысушыларын және ұйымдастырушыларын шын жүректен құттықтаймын!

Бұл Конгрестің жыл сайын қарқын алып келе жатқанын атап өту керек. Оған қатысатын компаниялардың санының жылдан жылға артуы - еліміздің  заманауи технологиялық дамуының айғағы.

Өткен «Astana Minning & Metallurgy» конгрестері өзінің қажеттілігін дәлелдеді және Қазақстан, алыс және жақын шет елдердегі металлургиялық кәспорындардың басшылығы мен мамандары арасында кең танымалдыққа ие болды.

Осы шараның арқасында түрлі елдердің өндіруші және тұтынушы металлугриялық кәспорындары өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, металлдарды өндіру техникасы мен өңдеу саласында тәжірибе алмасуға, осы индустриядағы заманауи өнімдермен, механизация жабдықтарымен танысуға мүмкіндік алады.

«Astana Minning & Metallurgy» конгресінің бағдарламасы осы жылы да - металлургия саласындағы ахуал жөнінде толық және объективті мәлімет алуға, қатысушылар арасында ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға және металлургиялық қауымдастық өкілдерінің арасында іскерлік байланыстардың орнауына септігін тигізетініне сенімдімін.

Барлық қатысушылар мен конгресс қонақтарына табысты жұмыс, тың идеялар, ірі жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыруды тілеймін!

Астана қаласының Әкімі                
Иманғали Тасмағамбетов



Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«ASTANAMINING&METALLURGY» III Конгресінің қатысушыларына қош келдіңіздер деу мен үшін ерекше мәртебе!

Біздің елімізде таукен-металлургия секторы экономикалық өсудің локомотиві, инвестициялар мен технологиялық прогресс шоғырланған орта болып саналады және де ол бұған лайық. Мемлекет басшысы әрқашанда бұл салаға ерекше назар аударып келеді, өйткені халық шаруашылығының көптеген басқа салаларының: машина жасаудың, құрылыс индустриясының, химия өнеркәсібінің және т.б. үздіксіз жұмыс жасауы таукен-металлургия кешенінің жұмысының жолға қойылуына байланысты. Бүгін, Ұлт көсемінің көреген әрі сындарлы саясатының арқасында Қазақстан экономикалық қайта құруда орасан зор ілгерілеуге қол жеткізді.

«Самұрық-Қазына» қоры шикізат ресурстарын ұқыпты пайдалану, шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылату, оларды шикізаттық бағыттан ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы, қосылған құны жоғары өнімді шығаруға бағдар беру, өндірістердің энергиялық тиімділігін және экологиялығын арттыру үшін таукен-металлургия саласының кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтау мәселелеріне зор маңыз береді.

Аз ғана уақыттың ішінде «АММ» Конгресі келешек өсудің мықты іргетасын қалап, мемлекеттің, ғылым мен бизнестің өкілдері, сондай-ақ инвесторлар, тұтынушылар және таукен-металлургия кешеніне тауарлар мен қызметтерді берушілер өзара әрекеттесетін беделді алаң мәртебесіне ие бола алды.

Конгрестің салмақты практикалық нәтиже беретініне, қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы іскерлік серіктестік саласын кеңейтетініне сенімдімін. Конгрестің барлық қатысушыларына табыс және өзара тиімді ынтымақтастықтың орнатылуын тілеймін!

«Самұрық-Қазына» АҚ
Басқарма Төрағасы Ө. Шүкеев


 
Қадірлі әріптестер мен серіктестер!

«Тау-кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ атынан III «Astana Mining and Metallurgy» – 2012 III Халықаралық тау-кен металлургия Конгресіне қош келдіңіздер демекпін.

Тау-кен металлургия саласы ұлттық экономиканы дамытуда үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстан минаралдық-шикізаттық қорларға бай және осы көрсеткіш бойынша әлемнің алғашқы ондығына енеді.

Бүгінде елімізде негізгі металдар өндіретін әлемге әйгілі компаниялар жұмыс істеуде, олар ірі тау-кен металлургиялық жобаларды жүзеге асыруда. Қолдағы өндірісті қамтамасыз ету аясында олар қатты пайдалы қазба кен орындарын өңдеуге де жұмылдырылған.

Солай бола тұрса да, кейінгі кездері қазақстандық кәсіпорындардың назары минералдық-шикізаттық қордың қайта жандануына, болашағы бар нысандарда геологиялық барлау жұмыстарын жаңғыртуға, минералдық шикізатты өңдеуге заманауи жоғары технологияларды енгізуге және мейлінше өңделген дайн өнім өндіруге ауып отыр. Тау-кен өндірісінің барлық кезеңдеріне қажет мамандар даярлау жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыруға да басымдық беріліп отыр.

Саланы дамытудың аталған міндеттерін орындау - озық үлгідегі әлемдік тәжірибе негізінде жүргізілмек. Қазіргі кезеңде әлем бойынша кешенді тау-кен металлургиялық жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар жетекші компаниялармен әріптестік қарым-қатынастар орнату үшін белсенді жұмыстар атқарылып жатыр.
 
Осы конгрестің жаңа уағдаластықтар мен Қазақстанның тау-кен саласындағы қызықты бастамаларға түрткі болатынына сенімім мол.
 
Конгрестің барлық қатысушыларына табыс тілеймін!

Мажит Турмагамбетов
«Тау-кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы


Құрметті Ханымдар мен Мырзалар!


Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы атынан (ТМКҚ) «Astana Mining & Metallurgy Congress» ІІI Қазақстан Халықаралық Тау-кен металлургия Конгресіне қатысушыларды осы шарамен шын жүректен құттықтаймын!

2010 жылы Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталды, онда тау-кен металлургия кешеніне негізгі рөл берілген. Бүгінде Қазақстанның ТМК кәсіпорындары әлемдік дағдарысқа төтеп беріп, олардың одан әрі дамып жатқаны туралы батыл айтуға болады.

2010 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ТМКҚ-мен бірлесіп, Тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі. Бағдарламада сала алдында тұрған барлық міндеттер, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар көрсетілген. Бағдарламаның негізгі нысаналы индикаторлары металлургия өнімінің жалпы қосылған құнының 107-пайыздық өсіміне қол жеткізу, сондай-ақ өндіріс көлемі мен экспорттың бәсекеге қабілеттілігін 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есеге ұлғайту болып табылады.

Әрине, мұндай өршіл міндеттерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың, отандық бизнестің, салалық ғылымның, шетелдік инвесторлардың әрекетін нақты үйлестіруді қажет етеді. Осыған байланысты «АММ 2012» халықаралық конгресінің барлық мүдделі тараптардың ашық диалогына арналған әмбебап алаң ретіндегі рөлін атап өткім келеді.

  Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы Конгресстің ресми серіктесі ретінде сөз ала отырып, саланы дамыту үшін  бұл шараның пайдалылығына сенімділік білдіреді.  

Конгресстің барлық қатысушыларына, қонақтары мен ұйымдастырушыларына жемісті еңбек, жаңа перспективалық, әрі батыл идеялар тілеймін!


Құрметпен және ізгі тілектермен,

Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия
кәсіпорындары қауымдастығының Атқарушы директоры                        

Н. Радостовец


Құрметті ханымдар мен мырзалар!


Сіздермен «Конгрестің Бриллиант Әріптесі» – «Казцинк» ЖШС атынан енді Үшінші ASTANA MINING & METALLURGY Конгресінде жүздескеніме қуаныштымын!

Бұл халықаралық форум қысқа мерзім ішінде саладағы жаңашылдық арқылы көшбасшылыққа ұмтылған кен-металлургия кешені прогрессивті компаниялары ынтымақтастығының шынайы алаңшасына айналды. Конгреске қатысушылардың саны да артып, барынша салиқалы бола түсуде, бұл оның мүшелерінің өндірісті дамытудың стратегиясын батылырақ жасауға мүмкіндік береді.  

Бұл салалардағы қызмет бүкіл әлемде және Қазақстанда кен-металлургия секторын дамытуда неғұрлым басымырақ болды және солай болып қала бермек. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы нығайту мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қазақстандық жолдың маңызды бағыттарының бірі ретінде индустриялды-инновациялы жобалар мен олардың әлеуметтік құрамдасын белгілеп берді.

Біздің компания өз даму стратегиясын Қазақстан Елбасы белгілеп берген басымдықтарға сәйкес құруда. Біз шикізат пен энергия тиімділігін пайдаланудың кешенділігін арттырып келеміз, кен базасын жаңарту тұрғысында жұмыс істеудеміз, өндірісті экологиялық және әлеуметтік қырларын ескере жаңғырта отырып, жаңашылдық бағдарламалар мен жаңа технологияларды өндіріске енгізудеміз.

Жаңашылдық және ғылыми-техникалық дамудың ұлттық бағдарламасын жасап, ұсынушы мемлекеттің жан-жақты қолдауынсыз бұл қызмет табысты болмас еді, әрине.

Біздің бәріміз де бизнестің тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуына қарай ұмтылудамыз және бұл халықаралық форум алға қойылған мақсаттарға жақындай түсуге арналған.

Үшінші Конгрестің барлық қатысушыларына табысты жұмыс және жоғары жетістіктер тілеймін!

Никола Попович,
«Казцинк» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы 


Құрметті Конгресске қатысушылар!

ASTANA MINING & METALLURGY-2012 – Тау-кен металлургиясының IIІ Халықаралық Конгресіне хош келдіңіздер!

Бұл шара халықаралық қауымдастықтың тау-кен және металлургия саласындағы Қазақстанның жаңа жобалары мен бастамаларына деген ерекше назарының белгісі болып табылады. Бір жыл ішінде біз жаңа өндірістердің ашылуы мен озық инновациялардың өндіріске енгізілуінің куәгері болдық. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі арқасында бүгінгі таңда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бағдарлама өнеркәсіптің барлық салаларын жаңа деңгейге көтеріп, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және халықаралық сахнадағы елдің беделін еселеуге бағытталған.

Тау-кен және металлургия саласының мәселелері елдің индустриялық дамуы мен экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Конгресс аясында қатысушылар ашық диалог өткізіп, үздік идеялары әрі жетістіктерімен бөлісуге және саланың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алады деген сенімдемін.

Қатысушы компаниялардың қуатты интеллектуалдық және индустриалдық әлеуеті  осы сұрақтарды шешіп, елдің тұрақты дамуына әсер етеді деп кәміл сенемін. ENRC бұл жұмыста өз үлесін қосуға дайын.

ENRC компаниясының мыңдаған ұжымы атынан Сіздерді осы айтулы уақиғамен құттықтай отырып, жемісті еңбек, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

ENRC PLC Бас атқарушы директоры,
Феликс Вулис


Құрметті көрме қатысушылары мен қонақтары!

Сіздерді  Қазақстандағы «АрселорМиттал» компаниясының көп мыңдаған ұжымының атынан және жеке өзімнің атымнан «Astana Mining and Metallurgy» 3-ші тау кен-металлургиялық когресте қошеметтеуге қуаныштымын.

Форумда мемлекеттің бірінші тұлғалары мен ТМК ірі қазақстандық компанияларының қатысуы саланың мемлекет үшін өте маңызды рөл атқартынының және мемлекет тарабынан ерекше көңіл бөлінетінінің куәсі.   

Жаңашаландыру және технологиялық жаңарту, көлемдерді ұлғайту мен өнеркәсіп номенклатурасын кеңейту, әлемдік және ұлттық ғылыми орталықтармен тығыз қарым-қатынастарды жөндеу міндеттері тұрғысында, сондай-ақ біздің саламыздың алдында Президент пен Үкімет қойған басқа тапсырмалар тұрғысында аталған форум мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекеттесуіне арналған алаң ретінде  жоғары маңызға ие болады.

«АрселорМиттал» компаниясы қазақстан экономикасы мен қоғамның органикалық бөлігі болып табылады. Біздің жақын болашаққа алдымызға қойған мақсаттарымызға еңбектің қауіпсіз шарттарын құру және жарақаттану деңгейін төмендету, өндірісті жаңашаландыру мен өнімнің жаңа түрлерін, оның ішінде сұрыпты өнімді шығару, кен мен көмір шығарудың көлемдерін ұлғайту енеді. Біз еңбек қауіпсіздігі, экологиялылығы және техникалық жабдықтау бойынша үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болатын өндіріс құрамыз.

Мен форумның әр қатысушысы өзінің жетістіктерін көрсете біліп, пайдалы іскерлік байланыстар орнатып, әріптестерімен тәжірибе алмастыратынына сенімдімін. Форум қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, табыс және істеріне сәттілік тілеймін!

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры
Виджай Махадеван


Қадірлі конгресс қонақтары мен қатысушылары!

«Astana Mining & Metallurgy 2012»! III Халықаралық тау-кен металлургия Конгрессіне басқан қадамдарыңыз құтты болсын және «SAT & Company» АҚ жолдаған сәлемдемесін қабыл алыңыздар!

Біздің жас компаниямыз өнеркәсіпшілердің осындай зиялы қауым жиылысына алғаш қатысуы, мұны біз шынынымен жоғары мәртебе деп танимыз.

Біздің жобалар Қазақстанның әлемдік металлургия орталықтардың бірі ретіндегі статусын бекіту мақсатында Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев ықпалымен дайындалған «Мемлекеттік индуитриялық-инновациялық қарқынды дамыту» бағдарламасына кірген.

Компания мұндай күрделі және ел үшін аса маңызды саладағы алып жобаларды іске асырушыларға артылатын жауапкершілік мөлшері зор екендігін жақсы түсінеді.

Тау-кен иеталлургия өнеркәсібі үздік дамыған елдер экономикасының негізін қалайтыны және оның өркендеуі жалпы прогресс қозғалысын қамтамасыз ететіні даусыз.

Тау-кен металлургиясының ІІІ халықаралық Конгрессі Астанада өтуі ел басшылығы мен отандық өнеркәсіпшілерінің бірлесіп саланы екпінді дамытуға бағыт алғанын көрсетеді.

Бұл халықаралық жиылыс еліміздің металлургиялық өнеркәсібінің өркендеуіне әсерін тигізіп, осы конгресске қатысқан серіктестер арасында туылған сауалдар мен мәселелерді ашық және өзара тиімді түрде шешіп отыруын молынан ықпалдатады деген ойдамыз.
   
Ракишев Кеңес
Хамитұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы



Ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Елшілігі атынан «ASTANA MINING AND METALLURGY 2012» - III Халықаралық Тау-кен Металлургиясы Конгресінің қонақтарын, қатысушылары мен ұйымдастырушыларын құттықтаймын.

«ASTANA MINING AND METALLURGY 2012» Конгресі мемлекеттік құрылымдар мен іскерлік ортаның өкілдері пікір алмасатын халықаралық деңгейдегі шараға айналды, сонымен бірге - саланың өзекті мәселелерін шешетін, даму жолдарын бірге іздейтін әріптестік алаңы да болып отыр.

Конгрестің барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті еңбек пен табыс тілеймін!

Валерий Брылев
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі


Ханымдар мен мырзалар!

AMM-2012 тау-кен металлургиясының халықаралық үшінші конгерсіне қатысушыларды құттықтау мүмкіндігіне ризашылығымды білдіремін.

Қазақстанның пайдалы қазбалар өнеркәсібі – үлесіне Жалпы Ішкі Өнімнің 17 пайызға жуығы тиесілі эконмиканың дамуы мен өсуінің маңызды локомотиві. Қазақстанда минералдық ресурстар мол болғандықтан, әрі ел экспортқа бағышталғандықтан және әлемде минералдық ресурстарға сұраныс артатындықтан, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Бұл сала сонымен бірге Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық мақсаттарына – аймақтық даму, экономиканың диверсификациясы және жаңа жұмыс орындарын беру арқылы да оң әсерін тигізуде.

Көптеген британдық компаниялар ерекше жігерлендіретін түрлі жобаларға әлден қатысуда, олар көп жылдар бойы қалыптасып, жинақталған алдыңғы қатарлы британдық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісуде. Жобаларды басқару және тапсыру саласында тамаша жетістіктері бар біздің логистикалық және сервистік компанияларымыз ірі және кешенді жобалардың бастапқы мақсатқа сәйкес орындалуына кепілдік береді. Біздердің минералды ресурстарды барлауға, өндіруге және өңдеуге жаңа технологиялар енгізу ісінде; техологиялық үрдістерді басқару жүйелерінің утилизациясына; өнеркәсіптің осы саласының озық үлгідегі тәжірибесіне сәйкес мамандар даярлауға көмек көрсетуге әзірлігіміз жақсы.


Біздер, пайдалы қазбаларға қатысты теникалық салаларға маманданумен бірге, осы саладағы және азкөмірсутекті технологияларға байланысты қауіпсіздік техникасын жасақтаудың да көшбасшысымыз. Бұл екіжақты келісімдердің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Мысалы қалдықтарды өңдеу мәселесі – жергілікті өндірушілерге тау-кен өндіру және металлургиялық жұмыстары кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай болуы үшін британдықтар өздерінің арнайы білімімен бөлісе алатын тағы бір сала.

Қазақстанда өндірілетін түсті және қара металдардың 80-90 пайызы экспортқа кетеді. Өз басым сауда саласындағы британ-қазақ әріптестігі экспорттың тиімділігін арттырып, тауардың бағамының өсуіне ықпал еткеніне куәмін. Бұл  - техникалық инновацияларды – бизнестің табысты дамуына айналдыру арқылы мүмкін болды.

Ендеше, Британияның тау-кен саласына берері көп екені айқын болып отыр және тап солай болғандықтан біз осындамыз әрі белсенді әрекет етудеміз!

Мен осы Конгреске тау-кен саласының британдық сарапшыларының қатысуын қуаттаймын және барлық қатысушыларға жемісті және сәтті шара болсын деп тілеймін.

Дэвид Моран,
Аса мәртебелі Ұлыбритания Патшайымының Қазақстандағы елшісі


Қадірлі қонақтар,

Қазақстан Республикасының әсем бас қаласында өткізіліп жатқан Астана Тау-кен Металлургиясы  (AMM 2012) Форумына менің ыстық сәлемімді қабыл алыңыздар!

Бұл менің Канаданың Қазақстандағы елшісі ретіндегі төртінші жылым, бірақ мен Қазақ пен Канада арасындағы жағырапиялық, экономикалық және адами ұқсастықтарды әлі байқап келемін. Екі елде де табиғи ресурстардың ұлттық экономикадағы үлесі күшті. Қазақстан мен Канада дамыған тау-кен секторының иелері болғандықтан, біздің біріміз бірімізден үйренеріміз көп; сондықтан да Канада елшілігі әдеттегідей Астана Тау-кен металлургиясы Форумының жақтаушысы болып отыр. Шара қызығушылық танытқан қазақстандық және халықаралық тараптардың басын қосып, жаһандық тау-кен саласындағы түрлі экономикалық, әлеуметтік және өнеркәсіптік өзекті мәселелерді талқылайды.  

Соңғы уақыттарда әлемдік экономика кейінгі жылдардағы дүмпулерден енді ғана түзеліп келе жатқандықтан, Қазақстан мен Канадада табиғи ресурстардың үлкен қорларының болуы – осы пайдалы қазбаларға ерекше бай екі елдің де экономикасының гүлденуіне жағдай жасайды, сонымен бірге - жаңадан пайда болып жатқан нарықтардың материалдарға деген мұқтаждықтарын өтейді. Ендеше дәл осындай форумдарда ғана корпоративтік сектордың гүлденуі мен өсуіне әкелетін жаңа әріптестік келісімдер мен стратегиялар жасалмақ.

Сіздерге Астана Тау-кен Металлургиясы Форумына тағы да хош келдіңіздер деуге рұқсат етіңіздер. Осы шараны барлығыңыз табысты және жағымды өткізулеріңізге тілектеспін.

Құрметпен
Е. П. Стефен Миллар
Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Маған Astana Mining & Metallurgy  тау-кен металлургиясының 3-ші  Конгресінде қысқаша құттықтау сөз сөйлеудің мәртебесі тиіп отыр.

Конгресс халықаралық компаниялар, Қазақстан Үкіметі мен басқа да қатысушылар үшін, Қазақстандағы шикізат барлау, өндіру және өңдеу саласындағы тәжірибелер мен мүмкіндіктер алмасатын тамаша алаң болып отыр.

Шикізат өндірісі – Қазақстанның дамыунда жетекші рөл ойнайтын экономиканың маңызды саласы. Қазіргі кезеңде қосымша құн өндіретін халықаралық және жергілікті компаниялар үлкен жетістікке жетті, бірақ алда шешілуі қажет әлі де көп мәселелер бар.  Қазақстан экономикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы минералдық ресурстар саласы беретін кең мүмкіндіктерге сүйенеді, ендеше компаниялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты.

Технология жөнінен ірі жабдықтаушы болатын Германия Қазақстан экономикасының бұл саласын ынталандыра бермек. Жақында Берлинде шикізат материалдары жөніндегі екіжақты әріптестікке қол жетті, және технология мен өнеркәсіптің дамуы осы келісімдерді жаңа сатыға көтеріп отыр.

Барлық қатысушыларға, келушілерге және қабылдаушы жаққа қызықты кездесулер мен табысты келіссөздер тілмеймін.

Д-р Гвидо Херц
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі


Қымбатты ханымдар мен мырзалар!

Ең алдымен Сіздерді 3-ші Астана тау-кен металлургиясы Конгресінің ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Осы жылы Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 20 жыл толып отыр. Осы 20 жыл ішінде Қазақстан тамаша даму деңгейіне жетті. Аталған аралықта қазақ-жапон қатынастары да нығайды. Егер экономика саласын айтсақ, Жапонияның Қазақстанға тікелей инвестициясы 2011 жылы 621.9 млн АҚШ долларын құрап, сауда айналымы 1 млрд 689 млн долларға жетті. Атап айтқанда, соңғы онжылдықта қарқынды өсу байқалып, жапон өнеркәсіп өкілдерінің Қазақстанға қызығушылығы артты. Екі елдің экономикалық байланыстары әрі қарай да дами беретініне сенімдімін.

Тау-кен металлургиясы саласына тоқталсақ, бірлескен жобалар үшін Жапония Қазақстанға өзінің технологияларын белсенді түрде беруде, осылайша қазақстандық өнеркәсіптің диверсификациясына және жаңа технологияларды енгізуде өз үлесімізді қосудамыз. Соңғы кездердегі ерекше құбылыс ретінде «Sumitomo», «Toshiba» корпорациялары мен «Казатомпром» ҰК» АҚ арасындағы, урандық руданың жуындысы мен сұйық қалдықтардан сирек кездесетін металдар алу жөніндегі жобаны атауға болады.  

Жапондық және қазақстандық  кәсіпорындар әрі қарай да,  сирек және өте сирек кездесетін металдар негізіндегі түрлі тау-кен рудасы саласында әріптестікте болады деген үміттемін. JOGMEC (Мұнай, газ және металл жөніндегі Жапон Ұлттық Корпорациясы) үкіметтік ұйымы технологиялық әріптестікке және тау-кен саласына инвестицияға қолдау көрсете отырып, сонымен бірге Қазақстаннның ұлттық компанияларымен де байланысты нығайта бермек. Бұған қоса ғылыми байланыстарды да атап өтуге болады. Айталық, Акита Университеті мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің тау-кен рудасы саласындағы байланыстары. Жапония мен Қазақстан арасындағы тау-кен металлургиясы саласындағы әріптестік әлі де жалғасын табады деген үміттемін.

Мен осы конгрестің үлкен табыспен өтіп, Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиясы саласының әрі қарай дамуына үлесін тигізуіне шын жүректен тілектеспін!

Юдзо Харада
Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі 


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілдігінің атынан «ASTANA MINING AND METALLURGY-2012» III Халықаралық таукен-металлургия конгресінің қатысушылары мен қонақтарына қош келдіңіздер деп, Сіздерді оның ашылуымен құттықтаймын.

Қызмет етіп келе жатқан жылдардың ішінде «AMM» Конгресі таукен-металлургия кешені саласындағы аса маңызды оқиғаға айналып, таукен өндіруші және металлургия өнеркәсібінің кәсіпқойларын біріктіріп, заманауи жетістіктермен, жаңа технологиялармен және қазіргі заманғы идеялармен таныстыруда. Бұл одан әрі даму мен ынтымақтастық құру үшін берік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін сындарлы басқосулар өтетін жер.

Конгреске ресейлік компаниялардың қатысуы бізді өте қуантып отыр, мұның өзі олардың бұл нарықта табыспен жұмыс істеп келе жатқанының дәлелі.

«ASTANA MINING AND METALLURGY-2012» III Халықаралық таукен-металлургия конгресінің барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті байланыстар орнатуын, осы іс-шарада алға қойылған мақсаттарға жетуін, жаңа серіктестер мен достар табуын, кәсіптік қызметінде табыс пен сәттілік болуын шын жүректен тілеймін!

Александр Яковлев
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі


Қадірлі ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының Индустрия және технология Министрлігінің түбегейлі қолдауымен өткізіліп отырған «Astana Mining & Metallurgy» (АММ-2012) Халықаралық тау-кен металлургиясы Конгресі не қатысушылар мен қонақтарды Украина Елшілігі атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Жыл сайын осы алаңда әлемнің ондаған елінен тау-кен және металлургия салаларындағы жетекші компаниялар қатысып, барлығымызды саладағы жаңа жетістіктермен таныстырып жүр. «Astana Mining & Metallurgy» Халықаралық тау-кен металлургиясы Конгресі бірлесе әрекет етуге мүмкіндік жасап, Қазақстанның тау-кен металлургиясы өнеркәсібіне инвестиция тартып, Республика экономикасының әрі қарай дамуына үлес қосады.

Аталған салалардың Қазақстан экономикасы үшін (Украина үшін де) өте-мөте маңыздылығын айтпай кету қиын.  Қазақстанның қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында да оған жетекші рөл берілген. Кәсіпорындардың жабдықтармен қайта жарақтануы, жоғары технологиялық өнімнің үлесін арттыру, шығарылатын дайын өнімнің бәсекелестіке қабілетін арттыу сияқты мәселелер басты назарда тұр. Бұл сипаттама аясында қазақстандық тәжірибе – Украина үшін де қызық болар еді.

Қазақстан мен Украинаның өзара тиімді әріптестігіне барлық жағдай бар екеніне сенімдімін, ал «АММ-2012» Конгресі осындай қарым-қатынасқа қолайлы фактор болмақ.

Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен шараның қонақтарына жұмыста табыс, шығармашылық жасампаздық, бейбітшілік пен гүлдене берулерін тілеймін.

Олег Демин,
Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі


Біз Қазақстандағы Еуропа Бизнес Қауымдастығы (ЕВРОБАК) атынан «Astana Mining & Metallurgy» (AMM 2012) – Үшінші Халықаралық Тау-кен Металлургиясы Конгресінің қонақтары мен қатысушыларын қуана құттықтаймыз!

Халықаралық Тау-кен Металлургиялық Конгресі - тау-кен металлургиясы саласындағы жетістіктерді, табыстарды және жаңа технологияларды көрсететін беделді шараға айналып отыр.

Тау-кен Металлургиясы саласы Қазақстан Республикасы экономикасының  өсуін қамтамасыз етіп отырған басты қозғаушы күш болып отыр. Біздер осы басты салалардың біріне қомақты инвестиция тарту арқылы Қазақстан Республикасының жаһандық мәнде өз шекарасын кеңейткеніне куә боп келеміз.

«Astana Mining & Metallurgy» (AMM 2012) – Үшінші Халықаралық Тау-кен Металлургиясы Конгресі Үкімет өкілдері, инвесторлар және басқа да ынталы тараптардың саланың ағымдағы мәселелері мен даму мүмкіндіктері жөнінде өзара пікір алмасуға тамаша мүмкіндік береді.
Көрменің ұйымдастырушылары - ITE Group Plc және оның Қазақстан бойынша әріптесі Iteca ЖШС «Astana Mining & Metallurgy» (AMM 2012) – Үшінші Халықаралық Тау-кен Металлургиясы Конгресін өткізгені үшін рахметіміздің айтып, кнгрестің барлық қатысушыларына табыс тілеуге рұқсат етіңіздер!

Құрметпен

Альпер Акдениз                                                
ЕВРОБАК  Төрағасы    

Юлия Кусиди
ЕВРОБАК  атқарушы директоры


Қадірлі «Astana Mining & Metallurgy» III Халықаралық Тау-кен металлургиясы Конгресінің қатысушылары!

Сіздерге «Iteca» қазақстандық көрме компаниясы мен оның халықаралық серіктесі, іскерлік шаралар ұйымдастыру ісі жөніндегі әлемдік көшбасышлардың бірі - ITE Group Plc (Ұлыбритания) атынан хош келдіңіздер демекпін.

Біздің компанияның халықаралық көрмелер мен конференция ұйымдастырудан 20 жылдан астам тәжірибесі бар. «Iteca» қазіргі кезде жылына шамамен 30-дан астам арнаулы шаралар өткізеді, олар экономиканың түрлі салаларын қамтиды. Жүзеге асырған ірі жобалардың қоржынында KIOGE, KAZENERGY, POWER KAZAKHSTAN, KIHE, KAZBUILD, KITF және көптеген басқа шараларды атап өтсек болады.

 «Astana Mining & Metallurgy» Конгресі - тау-кен металлургиясы саласындағы басты оқиға болып отыр. Өткізу ауқымы, іскерлік бағдарламаның өзектілігі және конгреске қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Біздер өз кезегімізде жоғары деңгейде ұйымдастыруға ұмтыламыз.

Қазақстан Республикасының Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрлігіне, «Казцинк» бриллиант демеушімізге,  алтын демеушілеріміз - «АрселорМиттал», «ENRC», «Қазақмысқа», барлық демеушілер мен қатысушыларға - баға жетпес қолдаулары мен белсене қатысқандары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен Эдуард Строон,
ITE Group PLC аймақтық директоры

Мемлекеттiк серiктесi

gerb
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және Даму Министрлігі

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

Алтын серіктестері

  • kazzinc
  • ERG-logo
  • polimetall logo

Күміс серіктестері

  • arcelor
  • AMK logo
  • kaz-minerals logo
  • kazakhmys