14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ҚАЗАҚСТАН-КАНАДА: ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТМК-ДЕ БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН НЕГІЗ БОЛАДЫ

Астана, 2023 ж. 1-2 маусым – ҚР Канададағы Елшілігінің бастамасымен "Nutrien", "Teck Resources", "Barrick Gold", "Hatch", "B2Gold" және "Cameco Corporation" өнеркәсіп алыптары Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізу және "Astana Mining & Metallurgy" тау-кен металлургия конгресіне қатысу үшін Қазақстанға келді.

 MG 3782

Канадалық бизнес өкілдері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаевпен кездесулер өткізіп, тау-кен металлургия Конгресінің стратегиялық және бірқатар техникалық сессияларының жұмысына қатысты. 50-ге жуық B2B кездесулер перспективалы жобаларды іске асыруға және Қазақстан аумағында бүкіл Орталық Азия өңірі үшін тау-кен компанияларының Солтүстік Америка хабын құру жөніндегі бастаманы талқылауға арналды.

Канадалық бизнес-миссияның қатысушылары жер қойнауын пайдалану саласында жүргізіліп жатқан қазақстандық реформалардың барысын, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің геологиялық саланы дамыту жөніндегі бірлескен күш-жігерін оң бағалады. "Қазақстанның ресурстық әлеуеті толық ашылмаған және айтарлықтай тәжірибесі мен озық технологиялары бар канадалық компаниялар бұл процеске ықпал ете алады", - деп хабарлады канадалық кәсіпкерлер.

Конгресс барысында Астанада екі елдің бизнес өкілдерінің белсенді қатысуымен "табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы қазақстан-канада ынтымақтастығы" атты арнайы сессия өтті. Сессия бағдарламасына ИИДМ, СІМ, АХҚО және Қазтрейд басшылығының, сондай-ақ түрлі бизнес-қауымдастықтар мен қаржы секторының өкілдерінің сөз сөйлеуі мен презентациялары кірді. 

  • -де жасалған