«ASTANA MINING & METALLURGY» VIII халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі - AMM 2017
Басып шығару

«Алтын Гефест 2016» қорытындылары

Posted in Конкурс

АММ 2016 бірінші жұмыс күні «Алтын Гефест 2016» 7-ші Ұлттық салалық сыйлығымен салтанатты түрде марапаттау рәсімімен аяқталды.

«Алтын Гефест» сыйлығы – ҚР инвестициялар және даму Министрлігімен 2010 жылы құрылған бірден-бір кәсіби марапат. Тұрақты қолдауымен ERG компаниясы және қазақстандық «Iteca» көрме компаниясы конкурс ұйымдастырушылары болып табылады.

Eurasian Resources Group (ERG) – бүгінгі күні бұл Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенінің үштен бірі. Бұл мемлекетіміздің төрт аймағында орналасқан 12 кәсіпорын мен 61 мыңнан астам қызметкер. ERG әлемдегі ең диверсификацияланған өндіруші және шикізат жабдықтаушысы болып табылады.

«Алтын Гефест» сыйлығының жеңімпаздары дәстүрлі түрде гала-қабылдау қарсаңында қазылар алқасының жабық талқылауында анықталады. Сарапшылық қазылар алқасы құрамына ТМК саласының ең беделді кәсіпқойлары кіреді.

Биылғы жылы конкурсқа 12 номинация бойынша 168 өтінім қарастырылды. Бұл сыйлық тарихындағы рекордтық мәлімдемелер саны. Марапаттау рәсіміне әр номинация бойынша көшбасшылар үштігіне кірген компания басшылары мен претенденттері шақырылды. Кейбір номинациялар бойынша (жыл ғалым-педагогы, жыл диплом жұмысы, жыл медиа жобасы) ақшалай сыйлықтар қарастырылған.

«Алтын Гефест 2016» кешінің негізгі тақырыбы: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы ТМК жетістіктері». Осы жылдар бойы еліміздің тау-кен-металлургия кешенінде маңыздылығы мен көлемі бойынша жүз жылдықтарға теңдес айтарлықтай жұмыс жүргізілді.

Алтын Гефест сахнасынан күнделікті Қазақстанның игілігі үшін өздерінің жаны мен жүрегін салып жүрген саланың үздік кәсіпқойларына құрмет көрсетілді.

«Алтын Гефест 2016» сыйлығының жеңімпаздары:

  • Жыл геологы: Хамзин Берикбол Серикбаевич, бас геолог, «Казгеология» АҚ;
  • Жыл тау-кеншісі: Магзумов Талгат Мусаевич, атқарушы директор, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС;
  • Жыл металлургы: Амирбеков Хаджимурат Бекмухаметович, бас металлург, «Алюминий Казахстана» АҚ Павлодар алюминий зауыты;
  • Жыл жобасы: Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты, «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС;
  • Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы: «Тау-Кен Алтын» ЖШС «КҮМІСТІ ВАКУУМДЫ ДИСТИЛЯЦИЯЛАУ» инновациясы жобасы «ALS_ACIDLESS SEPARATION». Жетекшісі: Тлеужанов Мейрамгалий Шопшекбаевич;
  • Қазақстандық құрам бойынша жыл көшбасшысы: «Қазақалтын тау-кен-металлургия Концерны» АҚ;
  • Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім: механика цехтерін жөндеу блогында үш мазут пешін феррогазға аудару. «Қазмырыш» трансұлттық компаниясы» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты;
  • Жыл ғалым-педагогы: Исагулов Аристотель Зейнуллович, бірінші проректор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
  • Жыл диплом жұмысы: Насенов Темирлан Ержанович, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
  • ТМК-ғы Еңбек адамы туралы үздік журналистік жұмыс: «Тепло у родной печи» мақаласы, Абакумова Анастасия Геннадьевна, «Вестник Казцинка» ЖШС;
  • Баспасөз және интернет-қорларындағы үздік журналистік жұмыс: «Казцинк» пошел другим путем», Кратенко Андрей Иванович, «Горно-металлургическая промышленность» журналы;
  • ТВ-дағы үздік журналистік жұмыс: «Бозшаколь: Индустриализация во благо», Айтказин Бауыржан – жоба жетекшісі, Бактыгалиева Дина – сценарий авторы, Туякова Жанна – режиссер, «Қазақстан» - Павлодар ұлттық телеарнасы.

Сол сияқты «Алтын Гефест» шеңберінде тау-кен қазу және тау-кен-металлургия өнеркәсібінің үздік қызметкерлері - «Кенші данқы» және «Еңбек даңқы» омырау белгілерімен марапатталды.

Барлық номинанттар – республикамыздың тау-кен-металлургия кешенін құрып, оның жұмысын тиімді ететін адамдар екені шүбәсіз. Тау-кеншілері мен металлургтер, оқытушылар мен журналистер, инженерлер, жобалаушылар, цех шеберлері мен жұмысшылары – барлығы да өзінің ауыр жұмысы үшін құрмет пен сый-сияпатқа лайықты.

Жыл сайын кеш ұйымдастырушылары шараға арнайы дайындалған бағдарламамен келушілерді таңғалдыруға, номинанттар мен жеңімпаздарды қуантуға тырысады. Бұл жолы да кеш қонақтарына көптеген тосын сыйлар мен музыкалық сыйлықтар жасалды. Кеш қонақжайлы қазақстандық стилде өтті, дәстүрлі тағамдар да, құммен суреттелген ТМК, дарынды завод металлургтерінің көрсеткен өнерлері де, т.б. болды.

Мемлекеттiк серiктесi

gerb
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және Даму Министрлігі

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

Алтын серіктестері

  • kazzinc
  • ERG-logo
  • kaz-minerals logo
  • polimetall logo