14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

«Алтын Гефест» байқауы қорытындыланды

Дәл қазір Астанада «Алтын Гефест-2014» салалық байқауының қорытындысына арналған салтанатты жиын өтіп жатыр.

Тау-кен, геология, металлургия, энергетика салаларының үздіктері анықталуда. Бір жыл бойы іріктелген мықтыларға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Жылға жалғасқан байқауға 77 өтініш келіп түскен. Оның 12-і үздік деп танылды. «Ер еңбегімен озар, еріншек езілумен тозар», деген қағиданы ұстанған Амангелді Сүйінтаев бүгін «Жылдың үздік кеншісі» атанды.

Амангелді Сүйінтаев, «Жылдың үздік кеншісі» номинациясының иегері:
1981 жылы Алматы политехникалық институтын бітірдім. Қарапайым жұмысшыдан цех басшысы қызметіне дейін көтерілдім. Барлығы ерінбей еңбек еткеннің арқасы. Менің жеңісім - ұжымымның жеңісі. Айта кетейік, «Алтын Гефест» байқауы алдағы жылдары да жалғасады.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Сілтеме: © www.kaztrk.kz