«ASTANA MINING & METALLURGY» VIII халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі - AMM 2017
  • 06
  • 01
  • 02
  • 04
  • 05
Басып шығару

KAZMineralsТобы 2016 жылдағы өндірістік іс-қызметін қорытындылады

Posted in Жаңалықтар

2016 жылы KAZ Minerals Тобы 2015 жылмен салыстырғанда катод эквивалентіндегі мыс өндірісін айтарлықтай арттырды: өткен жылда мыс өндірісі 73% артып, 140,3 мың тоннаны құрады

Бұл жылдық 135-145 мың тонна аралағындағы жоспарлы көрсеткіштерге сай. Сульфидті кендерді өңдейтін Бозшакөл кен байыту фабрикасы 2016 жылы катод эквивалентіндегі 44,8 мың тонна мыс өндірсе, тағы 18,1 мың тонна катодты мыс Ақтоғайдағы тотыққан кендерді қайта өңдеу кешенінде өндірілген. 2016 жылы ілеспе өнімдердің өндірісі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті.

Есепті кезеңде өндірілген кеннің көлемі 2015 жылмен (14,5 млн тонна) салыстырғанда үш есе артып, 49 млн тоннаға жеткен. Бұл Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өңдеу кәсіпорындарын қажетті кен көлемімен қамтамасыз ету мақсатындағы тау-кен жұмыстарының артуына байланысты. 2015 жылмен салыстырғанда кен құрамындағы мыстың мөлшері күтілгендей аз, яғни 0,66% болды. Себебі, Бозшакөл (0,58%) мен Ақтоғайда (0,41%) құрамындағы мысы аз кендерді өндіру арта түсті.

Бозшакөлдегі кен өндіру 2015 жылдағы 7,1 млн тоннамен салыстырғанда артып, 28,3 млн тонна кенге дейін жетті. Бозшакөл КБК-нің ең жоғары өңдеу қуаты - жылына 30 млн тонна кенді құрайды. Өндіріс қарқынын арттыру жоспарға сай жүріп жатыр, 2016 жылдың төртінші тоқсанында диірмендердің орташа өткізу мүмкіндігі 75% құрады. Сульфидті кендерді өңдейтін негізгі кен байыту фабрикасы катод эквивалентіндегі 44,8 мың тонна мыс өндірген. Бұл жылдық жоспарлы 45-55 мың тонна аралығындағы көрсеткіштің төменгі шегінің деңгейіне сай. 2016 жылғы 29 қыркүйекте каолин балшығы бар кеңдерді өңдейтін екінші фабрикада іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Төртінші тоқсандағы алғашқы сынақ барысында аталмыш фабрика 0,2 мың тонна концентраттағы мыс өндірді. Фабриканың өндіріс қуаты 2017 жылы да арта береді. Балқаш мыс балқыту зауытындағы қайта өңдеу қуаты қол жетімді болып жатса, 2017 жылы оған толлинг сұлбасы арқылы Шығыстүстімет кәсіпорындарынан жеткізілетін өнімнің шартымен Бозшакөлден мыс концентратының аздаған көлемі жөнелтілуі мүмкін. Бұл ҚХР өнімді жөнелтумен салыстырғандағы көлік шығындары мен логистикадан үнемдеуге мүмкіндік береді.

2016 жылы Ақтоғай тау-кен жұмыстарын айтарлықтай арттырды. Биыл 16,1 млн тонна кен (2015 жылы - 3 млн тонна) өндірілді. Тотыққан кендерді қайта өңдейтін кешен 2016 жылдың 12 айында 18,1 мың тонна катодты мыс өндірді. Сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары 2016 жылғы 6 желтоқсанда басталды. Қазір уақытта жабдықтар сынақтан өтіп жатыр. Алғашқы тауарлы мыс концентратын өндіру 2017 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК 2016 жылы 4,7 млн тонна кен өндірді. Бозымшақ КБК-нің толық қарқынмен жұмыс істеуінің арқасында 2015 жылдың көрсеткіштерінен асып түсуге мүмкіндік туды. Бұл активтердің жиынтықты өндіріс көлемі 77,4 мың тонна катод эквивалентіндегі мысты құрады. Кендегі мыстың орташа мөлшері 2,01%. Бұған дейін хабарланғандай KAZ Minerals Тобы 2016 жылдың соңында баланстық қорлары толығымен өндірілгендіктен Шығыс Қазақстан облысындағы Юбилейно-Снегирихин шахтасындағы кен қазу жұмыстарын тоқтатты. Бір жыл ішінде бұл шағын кәсіпорын 5,5 мың тонна концентарттағы мыс, 0,8 мың унция концентраттағы алтын, 53,0 мың унция концентраттағы күміс және 0,5 мың тонна концентраттағы мырыш өндірген.

12 ай ішінде Топ 75,4 мың тонна мырыш өндірді. Жоспарлы көрсеткіш - 70-75 мың тонна аралығы. Алтын мен күмістің құйма эквивалентіндегі өндірісі де жоспарлы көрсеткіштерден артып, тиісінше 119,7 мың және 3,103 млн унцияны құрады. Ілеспе өнімдер өндірісінің жоспарлы көрсеткіштерінен асып түсуге Шығыстүстімет өндірген кеннің құрамындағы оның жоғары мөлшерінің және Бозшакөлдегі алтынның жоғары мөлшерінің арқасында қол жетті.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлідеді: «2016 жылы біз мыс бойынша да, ілеспе өнім бойынша да жоспарлы көрсеткіштерді орындағанымызға көңілім толады. Бұған дейінгі жылмен салыстырғанда катод эквивалентіндегі мыс өндірісінің 73%-ға артуын қамтамасыз еттік, Бозшакөл КБК және Ақтоғайдағы тотыққан кендерді өңдейтін кешендегі өндірісті арттыруды сәтті іске асырып келдік. Бозшакөлдегі жаңа жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудің талаптары күтілген межеден аз болғандықтан, ол оның операциялық шығындарына жағымды әсер етті. Біз жалпы ақшалай өзіндік құнның бұған дейін айтылған бір фунт үшін 140-160 АҚШ центі аралығындағы көрсеткіштің төменгі шегінен 20% төмендеуін күтіп отырмыз. Бозшакөлдің жобалық қуатына шығуы барысында және Ақтоғайда сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру басталғанда біз 2017 жылы өсімді жалғастырамыз».

Көзі

Басып шығару

Геология саласының инвестициялық тартымдылығы артады

Posted in Жаңалықтар

72 main 247x139Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «25 жыл ішінде геологиялық саланың дамуы туралы. 2016 жыл үшін қорытындылар» деген тақырыпта баспасөз конференциясы өтті. Инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев 2016 жылы атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде баяндады.

Ол 2015 жылдан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті 74-ші қадам – ҚПҚ және КСШ бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін (CRIRSCO) енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«2016 жылдың маусым айында Қазақстан CRIRSCO комитетінің 10-шы мүшесі болды. Пайдалы қазбалар қорының есебі халықаралық стандарттарына көшу минералдық-шикізат кешеннің инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықаралық биржаларға шығу үшін ұсынылатын ақпараттың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ететінін айта кеткен жөн», – деді Б.Нұрабаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның геологиялық барлауына инвестициялар тартуды ынталандыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар тудыру мақсатында, Инвестициялар және даму министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс әзірлеуде.

«Жалпы, әзірленіп жатқан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексте қарастырылған жаңа тәсілдемелерді іске асыру геологиялық барлауға инвестициялардың ағылып келуіне себепші болады. Нәтижесінде, бұл Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерделенуін едәуір көтеруге, сондай-ақ еліміздің геологиялық-шикізат базасын толықтыруға мүмкіндік тудыратын болады», – деп мәлім етті комитет төрағасы.

Көзі

Басып шығару

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ГЕОЛОГИЯ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН КЕҢЕЙТЕДІ

Posted in Жаңалықтар

Kitay3 251x18822 қарашада Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-ші отырысының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев және Қ.Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры Мұрат Өмірсеріков бастап барды.

Kitay1 251x188Қытай Халық Республикасы атынан ҚХР Жер және табиғи ресурстар министрлігінің басшылары, ҚХР Сыртқы істер министрлігі Азия және Еуропа департаментінің бірінші хатшысы, ҚХР Геологиялық барлау партия тобының мүшелері өкілдік етті.

Ашылу салтанатында ҚХР Жер және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Цао Вейсин отырысқа қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Министр Қазақстандық делегацияның іс-шараға белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, одан әрі гүлдене беруін тіледі. Министр екі елдің геологиялық қызметтері арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың және бірыңғай геологиялық карта құру мақсатымен зерттелетін өңір шегінде геологиялық ақпаратпен алмасу бойынша жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев өз сөзінде осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қытай Халық Республикасындағы әріптестеріне ризашылғын білдірді.

«Біз тек қана бірлесе күш сала отырып, Кіші комитет шеңберінде геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың жемісті болуын қамтамасыз ете аламыз. Өйткені, біздің елдеріміз арасындағы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жәрдем көрсету үшін отырыстарды тұрақты өткізіп отыру маңызды», - деді Б.Нұрабай.

8-ші отырыстың күн тәртібі оқиғаға толы болды. Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің жұмыс жағдайы жөнінде ақпарат беру, перспективалық учаскелерді талдау және анықтау үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараға шектес алаптың бірыңғай картасын құрастыру жөніндегі жобаны талқылау, жобаны орындау бойынша проблемалы мәселелерді талқылау сияқты геологиялық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың маңызды түйткілдері қарастырылды.

Сонымен қатар, отырыста бірлескен жобаларды дамыту бағыттары, екі елдің геологиялық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және геологиялық ақпаратпен алмасу жұмысын күшейтужөніндегі жоспарлар талқыланды.

Алдағы халықаралық конгрестерге, Қазақстан мен Қытайдағы геологиялық барлау және тау-кен металлургиялық бейін көрмелеріне геологиялық барлау кәсіпорындарының қатысуы мәселесі қарастырылды.

Қытай тарапы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қызметкерлері мен қазақстандық геолог мамандарды геологиялық бағыттар бойынша оқытуға әзір. Сондай-ақ, Қытай тарапы Қытай Халық Республикасының Үкіметі атынан стипендия бөлу үшін Комитеттің төрағасына Пекин университеттерінде оқып жатқан үздік Қазақстандық студенттерді анықтауды өтінді.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен ҚХР Қытай геологиялық қызметі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою жөніндегі мәселе қарастырылуда.

Кіші комитеттің 8-ші отырысына қатысқандар іс-шараның жоғары әрі кәсіби деңгейде өткенін айтты.

Көзі

Басып шығару

Астана қаласында 2016 жылдың 14 маусымда CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар қоры жөніндегі есептілік бойынша халықаралық стандарттар комитетінің жиналысы өтті

Posted in Жаңалықтар

Астана қаласында 2016 жылдың 14 маусымда CRIRSCO (Committee for Mineral Reserves International Reporting Standards) қатты пайдалы қазбалар қоры жөніндегі есептілік бойынша халықаралық стандарттар комитетінің жиналысы өтті.

CRIRSCO комитетінің мүшелігіне мемлекеттер мен өңірлерді құрайтын 9 ұлттық ұйымдар кіреді, олар: CIM (Канада), JORC (Австралия және Жаңа Зеландия, SME(АҚШ), PERC (Еуропа), SAMREC (ОАР), IMEC (Чили), MPIGM (Монғолия), NAEN (РФ), CBRR (Бразилия). CRIRSCO барлық мүшелерінің стандарттары бірыңғай үлгімен әзірленген.

Жиналыстың ең басты мәселесі Қазақстан Республикасының CRIRSCO елдері-қатысушылардың құрамына кіру.

Астанаға Қазақстанның KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі кодексін қарастыру және келісу мәселелері бойынша уәкілетті CRIRSCO комитетінің делегациясы келді. Делегация басшысы CRIRSCO комитетінің төрағасы Гарри Паркер мырза.

Қазақстан тарапынан Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө.Исекешев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, соның ішінде KAZRC Ассоциациясы, ТМКҚ, ГҚӨҚ, жер қойнауын пайдаланушылар-компаниялары.

Осы комитетке мүшелік ету үшін міндетті болып табылатын құжаттар CRIRSCO делегациясына қарастыруға ұсынылды, оларды Қазақстанның KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі бұқаралық есептілік қауымдастығы мен «Жер қойнауы бойынша тәуелсіз сарапшылардың кәсіби қауымдастығы» қоғамдық ұйымы (ПОНЭН) даярлады.

CRIRSCO халықаралық стандарттары жөніндегі комитетімен KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі қоғамдық кодексі мақұлданды және CRIRSCO халықаралық стандарттар құрамына қабылданды. Қазақстан Республикасы атынан CRIRSCO комитетінің мүшесі болып KAZRC Ассоциациясы тағайындалды.

Кодекс компаниялардың минералдық-шикізатты активтерін тәуелсіз бағалауды даярлауға арналған және жер қойнауын пайдалану жобаларын қаржыландыру мақсатында шет елдік және отандық алаңдарға инвестиция жұмылдыруға бағытталған.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы әлеинің барлық биржалары CRIRSCO стандарттары бойынша әзірленген есептілікті қабылдайды, өйткені олар инвесторлар үшін басты тәуекелді – компаниялар есептілігінде көрсетілетін ресурстар мен қорлардың расталмауы тәуекелін айтарлықтай төмендетеді.

Халықаралық стандарттарға көшу Қазақстанда жас компаниялар нарығының құрылуы мен дамуына мүмкіндік туады деп болжамданады және барлау көлемінің ұлғаюы нәтижесінде жаңа кен орындары ашылады.

Басып шығару

«Алтын Гефест» байқауы қорытындыланды

Posted in Жаңалықтар

Дәл қазір Астанада «Алтын Гефест-2014» салалық байқауының қорытындысына арналған салтанатты жиын өтіп жатыр.

Тау-кен, геология, металлургия, энергетика салаларының үздіктері анықталуда. Бір жыл бойы іріктелген мықтыларға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Жылға жалғасқан байқауға 77 өтініш келіп түскен. Оның 12-і үздік деп танылды. «Ер еңбегімен озар, еріншек езілумен тозар», деген қағиданы ұстанған Амангелді Сүйінтаев бүгін «Жылдың үздік кеншісі» атанды.

Амангелді Сүйінтаев, «Жылдың үздік кеншісі» номинациясының иегері:
1981 жылы Алматы политехникалық институтын бітірдім. Қарапайым жұмысшыдан цех басшысы қызметіне дейін көтерілдім. Барлығы ерінбей еңбек еткеннің арқасы. Менің жеңісім - ұжымымның жеңісі. Айта кетейік, «Алтын Гефест» байқауы алдағы жылдары да жалғасады.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Сілтеме: © www.kaztrk.kz

Басып шығару

2012 жылғы 4-6 шілдеде Астанада Тәуелсіздік Сарайында Қазақстанның Таукен-металлургия кешенінің Күндері болып өтеді.

Posted in Жаңалықтар

 

2012 жылғы 4-6 шілдеде Астанада Тәуелсіздік Сарайында Қазақстанның Таукен-металлургия кешенінің Күндері болып өтеді.

Осы салада бұрын-соңды болып көрмеген жобаны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі отандық таукен-металлургия кешеніндегі (ТМК) жыл сайынғы және басты оқиға деп жариялады. ТМК Күндерінің бағдарламасына кіргізілген аса ірі екі іс-шараға - «Astana Mining & Metallurgy» (AMM 2012) Үшінші Халықаралық таукен-металлургия Конгресіне және Таукен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезіне – 1000-нан астам адам қатысады.

Қазақстанның Таукен-металлургия Күндерін өткізудің тұжырымдамасы
бәсекеге қабілетті экспортты ұлғайту және қайта қорытылу деңгейі жоғары өнім жасау, инновациялық әзірленімдерді ендіру және Қазақстанның ТМК-сін озық позицияларға бастап шығаруға тиіс білікті кадларды дайындау жөніндегі мемлекеттің индустриалдық-инновациялық саясатының негізгі міндеттеріне сай келеді.

Іс-шараның бірінші күні – 4 шілдеде – «Astana Mining & Metallurgy» (AMM 2012) Үшінші Халықаралық таукен-металлургия Конгресі өз жұмысын бастайды. Конгресс Қазақстан ТМК-сінің стратегиялық проблемаларын талқылау және халықаралық серіктестік жасау үшін ашық алаң болып табылады. Форумның басты тақырыбы «Барлау. Өндіру. Өңдеу». Конгресс бағдарламасында Алқа мәжілісі және геологтардың, таукеншілердің және металлургтардың үш тақырыптық сессиясы қамтылған. Қазақстан, Австралия, Ұлыбритания, Канада, Ресей, Түркиядан келген 20-дан астам спикердің баяндама жасауы жоспарланған. АММ 2012 Конгресінің жұмысына әлемнің жетекші таукен-металлургия державаларының үкіметтерінің басшылары мен өкілдері, қатысушы-елдердің төтенше және өкілетті елшілері, салалық қауымдастықтар, жаһандық таукен-металлургия компаниялары қатысады. Оқиғаның маңызын АММ 2012 Конгресінің демеушілерінің беделді құрамы да растап отыр: «Гауһар Демеуші» - «Kazzinc»; «Алтын Демеушілер» «ENRC» және «ArcelorMittal» компаниялары болып отыр; «Күміс Демеуші» - «Altyntau»; «Қола Демеуші»  - «WorleyParsons Kazakhstan». Ресми әуемен тасымалдаушы «Air Astana» компаниясы болып табылады.

ТМК Күндері шеңберінде «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсының жеңімпаздары жарияланады, сондай-ақ геология, металлургия, таукен және көмір өнеркәсібіндегі жетістіктер үшін салалық жүлделер табыс етіледі. «Алтын Гефест» конкурсының Бас Серіктесі «ENRC» компаниясы болып отыр. Сонымен қатар  
конгрестің бағдарламасы аясында «ТМК үшін инновациялар» және «ТМК үшін кадрлар» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу көзделген.

Екінші күні Республикалық Таукен өндіруші және таукен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ) өткізетін Таукен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезі болып өтеді. Дәстүр бойынша оған өнеркәсіп орындарының, салалық кәсіподақтардың делегаттары және мемлекеттік органдардың басшылары қатысады. Бұл қазақстандық құрамды дамыту, әлеуметтік серіктестік, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі саланың ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған тұрақты диалог алаңы.

Қазақстанның таукен-металлургия саласының жетістіктері ТМК Күндерімен қатар өтетін көрме экспозициясында назарға ұсынылады. Көрменің құрылымы өнеркәсіптік, инновациялық, сервистік және білім беру қатарларынан тұрады, олардың қатысушылары таукен өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар, ғылыми орталықтар мен зерттеу институттары, консалтингтік және қаржы ұйымдары, сондай-ақ бейіндік университеттер мен колледждер, тренинг орталықтары болып табылады. Конгрестің ұйымдастырушылары – Iteca көрме компаниясы және ITE компаниялар тобы – шетелдік компанияларды қатыстыру арқылы биылғы жылдың экспозициясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның тау-кен металлургия кешені Күндерінің басты ұйымдастырушысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады. Таукен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезінің ұйымдастырушысы – Республикалық Таукен өндіруші және таукен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ)
және Республикалық таукен өндіруші және таукен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы. АММ 2012 Конгресінің ұйымдастырушысы қазақстандық «Iteca» көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания). Ресми қолдау көрсетіп отырғандар Астана қаласының Әкімдігі, «Самұрық» АҚ ұлттық әл-ауқат қоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ҚР ұлттық орталығы.

Іс-шараға ақпараттық қолдауды Қазақстанның және ТМД елдерінің барлық жетекші мамандандырылған және қоғамдық-саяси бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), сондай-ақ алыс шетелдердің мамандандырылған БАҚ-тары көрсетіп отыр.

Қазақстанның Тау-кен металлургия кешенінің Күндері туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына байланыс деректеріне хабарласуларыңызды өтінеміз:

ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі – тел. (7172) 241962,

Iteca баспасөз қызметі – тел. (727) 2583437, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." mce_' + path + '\'' + prefix + ':' + addy84525 + '\'>'+addy_text84525+'<\/a>'; //--> ,

ТМКҚ баспасөз қызметі – тел. (7172) 689601, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." mce_' + path + '\'' + prefix + ':' + addy45678 + '\'>'+addy_text45678+'<\/a>'; //--> .

Мемлекеттiк серiктесi

gerb
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және Даму Министрлігі

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

Алтын серіктестері

  • kazzinc
  • ERG-logo
  • polimetall logo

Күміс серіктестері

  • arcelor
  • AMK logo
  • kaz-minerals logo
  • kazakhmys