«ASTANA MINING & METALLURGY» VIII халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі - AMM 2017
  • 06
  • 01
  • 02
  • 04
  • 05
Басып шығару

Қазақстан 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін қабылдауға дайындалуда

Posted in Баспасөз хабарламасы

Қазақстан тау-кен-металлургия кешенінің, әсіресе мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын 2020 жылға дейін жүзеге асыру жылдары, еліміздің жалпы экономикалық өсуін қамтамасыз етуде рөлі маңызды. Бүгінгі күні сарапшылар ТКК секторының қарқындап өсуін белгілеп отыр, сонымен қатар, тау-кен-металлургия саласы, экономикалық дамуды қозғайтын күштердің бірі бола тұра, жоғары сапалы өнімді қазып шығарумен бірге оның өндірісін де қамтамасыз ететініне сенімді. Осы тұрғыда, 2018 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін өткізу сала дамуының маңызды қозғаушы күші болмақ.

Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі (ДТК) әлемнің 49 мемлекетінен тау-кен өнеркәсібі мамандарының басын қосатын халықаралық үкіметтік емес ұйымы болып табылады. Тау-кен ғылымы мен техникасы, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өрлеу мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу Конгресстің негізгі мақсаттары болып табылады. Конгресс шеңберінде халықаралық көрме, сол сияқты қабылдау жағынан еліміздің ғылыми мекемелерімен және өнеркәсіп мекемелерімен таныстыру мақсатында техникалық экскурсиялар өткізіледі.

Халықаралық деңгейдегі іс-шара IX Халықаралық тау-кен-металлургия Конгрессі және бірнеше жыл бойы алаңында саланың жоғары санатты мамандарын жинап, халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне және ТМК саласының әртараптандырылуына себептес болған "Astana Mining & Metallurgy" - AMM 2018 Көрмесі базасында өтеді. ҚР инвестициялар және даму бойынша бірінші вице-министрі, ДТК 2018 Ұлттық Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Альбер Рау: «Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін өткізу, ең алдымен, тау-кен саласы инвестициялық әлеуетінің ашылуына, әлемдік және бастауыш компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Астанада АММ тау-кен металлургия конгрессі жеті рет өткізілді және біздің осындай деңгейдегі халықаралық іс-шара ұйымдастыру бойынша тәжірибеміз мол» - деді. Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында, Қазақстан мерейтойлық 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін қабылдайтынын ескертіп өту қажет.

21 қазанда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 2016 жылы ДТК өткізу шеңберінде Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін өткізу эстафетасы салтанатты түрде Қазақстанға тапсырылды. Өткізілген Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі жұмысына 34 елдің әлемдік тау-кен саласының 2000-нан астам маманы қатысты, соның ішінде ҚР инвестициялар және даму бойынша Министрлігінің өкілдері, тау-кен өндіру өнеркәсібі компанияларының басшылары, жетекші сарапшылар мен ғалымдар, Қазақстанның тау-кен өндіру өнеркәсібі қызметтерінің жабдықтаушылары мен провайдерлері. ҚР ИДМ индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов Рио-де-Жанейрода эстафетаны тапсыру рәсімінде Қазақстан үшін тау-кен-металлургия кешені мемлекет экономикасының негізгі саласы болып табылатынын айтты. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында ТМК 18% құрайды. ДТК жабылу рәсімінде К.Баитов: «Сондықтан да Дүниежүзілік тау-кен конгрессін 2018 жылы Астана қаласында өткізу жалпы еліміздің бүкіл секторына жағымды әсер ететін маңызды шара болып табылады. Тәжірибемізге және алынған білімдерімізге сүйене отырып, 2018-ДТК жоғары халықаралық деңгейде өткізетінімізге сенімдіміз» - деді.

Бүгінгі күні 2018 - Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессіне дайындалу бойынша құрамына мемлекеттік органдар мен бизнес институттары кіретін Ұлттық Ұйымдастыру комитеті жұмыс істеуде. Іс-шара операторы - 20-жылдан астам уақыт бойы бүкіл Қазақстан бойынша ірі көрмелер мен конференциялар өткізіп жүрген Iteca компаниясы. Халықаралық деңгейдегі жоба тау-кен-металлургия кешенінің дамуына және жаңа тиімді технологияларының қосылуына қосымша түрткі болатыны шүбәсіз. ТМК Қазақстан өнеркәсібінің бәсекелесуге қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан секторы болып табылатынын ескерту қажет. Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша 70 тау-кен қазу елдерінің ішінде республикамыз 13 орынға ие.

Мемлекеттiк серiктесi

gerb
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және Даму Министрлігі

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

Алтын серіктестері

  • kazzinc
  • ERG-logo
  • polimetall logo

Күміс серіктестері

  • arcelor
  • AMK logo
  • kaz-minerals logo
  • kazakhmys